Қызылорда облысында мектеп директорының әйелі мұғалімдерден ақша жинаған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алғабас ауылындағы №157 Б.Пәрімбетов атындағы мектеп директорының әйелі мұғалімдерден ақша жинап келген деп хабарлайды  halyq-uni.kz

Бұл туралы журналист Үйтолған Жареке Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

«Айлығымыздан ақша жинау тыйылмай тұр. Семинар өткен сайын ақша жинайды. Басшылық енді көктем келгелі мектепке туя отырғызамыз дегенді шығарды. Оған бөлек ақша жинатып жатыр.

Мектеп асханасында бастауыш сыныпқа қандай тамақ берілетінін білесіз бе? Суретін жолдап отырмыз. Еті жоқ күріш ботқа және сәбізді теркадан өткізіп қоя қойғанды бала жей ме? Бөлінген қаржы барлық мектепке бірдей. Алайда әкім өзімнің қадағалауымда деген балалардың тамағының түрі осы.

Осының бәрі директорымыз Үсен Ахметовтің бассыздығынан болып отыр. Каспий голд қосымшасында көрсетілген Маржан есімді кісі директордың әйелі. Ақшаны сол адам жинайды. Сонда директор қызметін асыра пайдаланып, әйелі екеуі қашанғы білгенін істемек?! Осы былықтарды реттеуге көмектесіңіз», – де жазды ол.