Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында орыс мектептері салынады деген сенімдеміз- Путин

«Казправда» газетіне бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Ресей президенті Владимир Путиннің мақаласы жарияланды деп хабарлайды  Altyn-orda.kz      halyquni.media  ға сілтеме жасай отырып

Мақала Қазақстан мен Ресейдің саясат, экономика және басқа да салалардағы тығыз қарым-қатынасына арналған.

Мемлекеттік сапар қарсаңында Қазақстанның республикалық басылымдарының бірі «Казахстанская правда» газеті арқылы екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастық деңгейі туралы өз ойымды бөлісудің сәті туып отыр.

Мемлекетаралық байланыстың жоғары деңгейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірлескен жұмыс жылдарында қалыптасқан тығыз, мейірімді жеке қарым-қатынастар куәландырады. Біз үнемі телефонмен сөйлесіп, әртүрлі форматта кездесеміз. Екіжақты өзекті мәселелерді талқылап, күн тәртібінде тұрған өңірлік және жаһандық проблемалар туралы пікір алмасамыз, келешекке жаңа жоспарларды да белгілейміз. Ең бастысы, Қазақстан президентімен әрқашан нақты нәтижеге бағдар қоямыз, — дейді РФ президенті.

Оған қоса, Ресей президенті біздегі мұнай экспортының 80 пайыздан астамы Ресейдің Қара теңіздегі инфрақұрылымы арқылы шетелге өтетінін, Қазақстанның уран саласының дамуына «Росатомның» қосқан үлесін алға тартып отыр. Сондықтан ол көршілес елдердің гуманитарлық саладағы қарым-қатынасына тоқталып, Қазақстанда 3 орыс мектебі ашылатынын жазған.

Ресей Қазақстанда жаңа орыс мектептерін ашуды, орыс тіліндегі мектеп білімінің сапасын арттыруды қолдайды. Тағы 3 мектеп жақында Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында ашылады деп отырмыз. Біз Қазақстан басшылығына, Қасым-Жомарт Кемелұлының жеке өзіне орыс тілін қорғап, орыс тілі жөнінде халықаралық ұйым құрғанына алғыс айтамыз, — дейді Владимир Путин.

Осылайша, ол «Казправдаға» мақала жариялаған күні Ресейдің «Известия» газетінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да екі елдің ынтымақтастығына қатысты көлемді мақаласы жарық көрді.

Еске сала кетсек, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға бүгінгі мемлекеттік сапары екі күнге созылады.