Қызылордада 543 миллион теңге жымқырған білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Қызылорда облысында Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшісі 543 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Күдікке ілінгендер білім беру мекемелерінде жұмыс істемейтін адамдардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған. 

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясы бойынша күдікке ілінген екеу қамауға алынды.

Сонымен бірге, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін күдікке ілінгендердің әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі. Сонымен бірге, ергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар әзірге жариялануға жатпайды. 

ТегтерҚызылорда