Лавров: Украинадан соң Молдова!

Салпауыз Сергей бүгін сұхбат берді. “Украинадан соң антиресейлік орталық Молдова болады”,- деді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осыған дейін де бірнеше мәрте сөз қозғап: “Батыс Украина секілді Молдовада да антиресейлік көңіл-күй қалыптастырып жатыр”,- деген еді.

Ал осы жолы: “Молдова екінші Украина болмақ. Президент Мая Санду Батысқа жағыну үшін антиресейлік саясат жүргізіп жатыр”,- депті.

Одан бөлек: “Мая Санду НАТО-ға қосылуға құлшынып отыр. Оның өзі Румыния азаматы. Оның мақсаты – Румыния мен Молдованы біріктіру”,- депті.

Лавров сондай-ақ, бұрынғы кеңестік елдердің де тағдыры мен саясатына баға беріпті. “Украина жолымен жүргісі келетіндер, абайлаңдар!”,- деп ескерту жасапты.

“АҚШ пен Батыс Орталық Азияға көз тігіп отыр”,- дейді. Әрі қарай, Гүржістанға тоқталып: “Грузиндер бізбен дос болғысы келеді”,- дейді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы.

facebook.com