Луганск облысынан мобилизацияланған бір топ ресейлік қашып кеткен

Мәскеу түбінде сегіз қарулы адам өз еріктерімен полицияға автомат пен пулеметтерін тапсыруға келді, деп хабарлады Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

 

Мәскеу түбінде Луганск облысынан қашып кеткен сегіз ресейлік ұсталды. Өткен түнде 20 мен 44 жас аралығындағы ер адам полицияға автомат және пулеметтермен келіп, қаруларын тапсырғысы келетіндерін айтқан.

«Кейінірек бөлімге келгендердің барлығы Калининград облысына мобилизацияланып, оқудан кейін Луганск қаласына жіберілгені анықталды», — деп жазады Baza Telegram-каналы.

Оқиға орнына әскери тергеушілер шақырылып, мобилизацияланғандарды Мәскеу түбіндегі әскери бөлімдерінің біріне жіберді. Онда олар тергеу нәтижелерін күтеді.