Лукашенко ауыр халде шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді — оппозиционер

ЕАЭО отырысы мен Ресей президенті Владимир Путинмен жабық есік жағдайында өткен кездесуден кейін Беларусь президенті Александр Лукашенко ауыр халде Мәскеудің орталық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Бұл туралы Беларусь президенттігіне экс-кандидат Валерий Цепкало айтты, деп хабарлайды altyn-orda.kz 
Оның айтуынша, Беларусь президентіне қанын тазалау  үшін үздік мамандар жіберіліп, Лукашенконың жағдайы тасымалдауға жарамсыз деп танылған.
Беларусь диктаторын құтқару бойынша ұйымдастырылған шаралар оның улануына Кремльдің қатысы болуы мүмкін деген болжамды болдырмауға бағытталған.

Оның жұмыс жағдайына оралуы немесе оралмауы маңызды емес, дәрігерлер аурудың қайталануы мүмкін екенін ескертеді, делінген хабарламада.
Бұған дейін Лукашенко Тоқаевтың екіге бір ядролық қару туралы сөзіне реакция білдірген болатын.

ТегтерЛукашенко