Лукашенко Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Халықаралық аренада Қазақстан имиджін қалыптастыру үшін көп күш-жігер жұмсадыңыз. Бүгінде Қазақстан өзінің өнеркәсіп әлеуетін сақтап қалған, нарықтық экономикасы бар, азаматтық қоғам негізі қаланған, этникалық және діни келісім орнаған мемлекет. Бұл көп ретте сіздің еңбегіңіздің арқасы», — делінген Беларусь президентінің құттықтауында.
Ол Нұрсұлтан Назарбаев екеуінің арасындағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.
Айта кетсек, бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті 83 жасқа толды.
