Мадина Сәдуақасова 2 млн теңге тұратын сақинасын тыңдарманына сыйлады (видео)

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова Ақтөбе қаласындағы концерт кезінде тыңдарманына құны 2 млн теңге тұратын сақинасын сыйлады. Өнер иесінің сөзінше, сақинаны қағып алған ару да әнші болып шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @zello_aktobe_region

Мадина Сәдуақасованың аса қымбат тұратын зергерлік бұйымын тыңдарманына сыйлағаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі zello_aktobe_region парақшасында пайда болды. Видеодан тыңдарманның эстрада жұлдызының сақинасын тағып алғанын көруге болады. Бейнежазба авторының айтуынша, аталмыш бұйым 2 млн теңге тұрады. Концерт кезіндегі видеоны Мадина Сәдуақасова да өз парақшасында жариялап, сақинасының жаңа иегері туралы айтты.

«Сақинаны қағып алған жас әнші қыз болып шықты», — деген жазба қалдырды өнер иесі.

 

 

Мадина Сәдуақасованың Stories-i. Скриншот: Instagram/sadvakasovamadina

kaz.nur.kz