Мақпал Жүнісова танымал тележүргізуші Мақсат Толықбайдың анасына өзінің бағалы сыйлығын табыстады. Бұл туралы Kyn.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Әнші журналистің өтінішімен тойға қатысқан.
«Маған Мақсат хабарласып: «Анамның туған күні еді, келіп, ән салып берсеңіз», — деп өтінішін айтты… Өзім Алтынбек ағамның тойына барған едім. Сол жерден осында қашып келдім.
Мақсатты сыйлағандықтан. Бірақ мен не сыйлаймын? «Үйден шығып кетіп едім», — дедім бірден. Сөйтсем: «Сыйлығыңыз әніңіз ғой», — дейді.
Содан әрі ойланып, бері ойланып, Мақсаттай мықты журналисті өсіріп, баққан Алмагүл құрдасыма қолымдағы бриллиант сақинамның бірін сыйлыққа берейін деп шештім.
Ал қолыңызды әкеліңіз»,- деген Мақпал Жүнісова тойхана төрінде журналистің анасына жүзігін шешіп берді. Мақпал Жүнісова тойда.

Фото: Kyn.kz
Тойдағы халық әншінің жомарттығына тағы да таңдана қарады. Ал тележурналистің анасы әншіге алғысын жаудырған. Т

