Максим Галкиннің концертіне билеттер заңсыз сатылуда — «Алматы әуендері» директоры
«Алматы әуендері» мемлекеттік кәсіпорнының директоры Бақытжан Садықов ресейлік әртіс Максим Галкиннің концертіне билеттердің заңсыз сатылғаны туралы айтты, деп хабарлайды altyn-orda.kz .
Ресейлік продюссер Максим Галкиннің қойылымын ұйымдастырушылар ережеге қарсы шығып, іс жүзінде заңды бұзған.
Концерт өтетін орын – Республика сарайымен келісімшарт әлі жасалмағанымен, билеттер сатылымға шықты.
Бұл ауқымды шара өткізудің алғы шарты. Концерт өтетін орынмен, бұл жағдайда Республика сарайымен келісімсіз билеттерді сатуды алаяқтық және көрерменді шынайы алдау деп бағалауға болады, – дейді «Алматы әуендері» мемлекеттік кәсіпорнының директоры Бақытжан Садықов. Продюсері Алексей Пучковтың айтуынша, қажетті құжаттар берілген.
Соған қарамастан ұйымдастырушыларда күрделі мәселелер бар. Концерт, плакатқа сәйкес, 6 қазанда өтуі керек, бірақ бұл күні Республика сарайында басқа іс шараға тапсырыс бар, дейді сайт өкілдері.
Галкиннің қойылымына билеттер сатыла бастағаны туралы ақпарат интернетте тәуелсіз ресурста пайда болды.
Алаңның Алматыдағы Республика сарайына еш қатысы жоқ. Сайт басшылығы одан әрі іс жүргізу үшін прокуратураға шағымданды, деп қосты ол.
Бақытжан Садықов көрермендердің алданып қалмауы үшін ,бар жауапкершілік концертті ұйымдастырушылардың құзырында екенін баса айтты.