«Мәмбет»: Ресейлік трансгендер-блогер Алматыда балаларды балағаттаған (видео)
Ресейлік трансгендер-блогер Алматыдағы спорт алаңқайында балаларды балағаттап, видеоға түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер әлеуметтік желіде Хилми Фокс лақап атымен белгілі. Қазнетте тараған видеодан әйелдерге арналған парик киген ер адамның спорт алаңқайында балаларды балағаттап, ондайларды «Ресейде ұнатпайтынын» айтқанын көруге болады.
Қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Алдағы уақытта видео кейіпкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Айта кетері, Хилми Фокс әйелдерге арналған парик пен көйлек киіп, видео түсіреді. 2023 жылдың қаңтарында Даша Корейка есімді тағы бір трансгендер-блогер екеуіне қатысты Ресейде іс қозғалған. Оларға дәстүрлі емес сексуалды қарым-қатынасты дәріптеді деген айып тағылған.