Мас болған: 5 жасар қызды өлтірген қасқүнем туралы мәліметтер шықты

Мамандандырылған тергеу соты Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын жариялады, деп жазады altyn-orda.kz 

2023 жылғы 13 шілдеде шамамен сағат 13:30-да күдікті мас күйінде үйіне қайтып келе жатып, жолда 5 жасар баланың ойнап жүргенін көреді.

Оның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қылмыстық ниет болған. Күдікті оны алдап, баланы үйіне шақырған.
Одан әрі кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасап, өз қылмысын жасыру мақсатында баланың кеуде және іш тұсына асхана пышағымен қасақана бірнеше рет соққы беріп, сол арқылы қасақана кісі өлтіру әрекетін жасаған. Қыз бала  алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
2023 жылғы 15 шілдедегі қаулысымен күдіктіге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.