«Мәскеу орыстарға ғана тиеселі » — Ресейде Құранды өртеген видео тарады .

Әлеуметтік желіде Мәскеудегі Белое көлінің жағасында белгісіз біреудің Құранды қалай өртегені бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Arbat.media.

Бейнежазбаға «Мәскеу орыстарға, өз орныңды біл» және «Киелі жердегі мешіттерге жол жоқ!» деген жазулар бар.
Ішкі істер министрлігінде атап өткендей, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері барлық мән-жайды анықтауға, күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, дейді тәртіп сақшылары.

 

ТегтерРесей