Мәскеуде ер адам Лениннің мавзолейін өртеп жібермек болған

Мәскеуде ер адам Қызыл алаңдағы Ленин кесенесін молотов коктейлімен өртеп жібермек болды. Ұстау кезінде күдікті тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен, деп хабарлайды altyn-orda.kz/kaz
.Хабарланғандай, 18 шілдеге қараған түні қолында молотов коктейлі бар ер адам Қызыл алаңға келген. Ол Ленин кесенесіне «Молотов коктейлі» лақтырған, бірақ дуалға соғылып, сұйықтық тұтанбаған.

Ұстау кезінде ер адам тәртіп сақшыларына белсенді қарсылық көрсеткен.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамның жағдайы түсініксіз  болған.