Мәжілістің жалпы отырысы қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды

Мәжілістің биылғы алғашқы жалпы отырысы қаңтар оқиғасының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін мәжіліс отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауап береді. Сондай-ақ бүгін мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты арнайы көрме ұйымдастырылды.