Мектептер мен колледждерде «Алғашқы әскери дайындық» пәні қайта енгізіледі

Қазақстанда мектептер мен колледждерде «Алғашқы әскери дайындық» пәні қайтадан оқытыла бастайды. Бұл пәннің мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, елді қорғауға дайындыққа үйрету, әскери және қоғамдық жауапкершілік сезімін қалыптастыру деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Сабақтар тек теориялық біліммен шектелмей, практикалық дағдыларды да қамтиды: физикалық дайындық, құрал-жабдықпен жұмыс істеу, алғашқы әскери дағдыларды меңгеру сияқты.

Жаңартылған бағдарлама 2026 жылғы жаңа оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұл қадам арқылы мемлекет мектеп пен колледж оқушыларына өздерінің елін қорғауға дайын болу мүмкіндігін беруді көздеп отыр.

ФОТО  tkaim.kz тен алынды