Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін айыпталған Кәрім Мәсімов президенттен кешірім сұрады – ҰҚК
Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін айыпталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов президенттің атына кешірім беруге өтініш білдірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қазір Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында.
«Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады», – деп хабарлады ведомство.
Онда Мәсімовке қатысты қылмыстық кодекстің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)») және 366-бабы, 4-бөлігі («аса ірі мөлшерде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімов ақша жымқырды және аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген еді.