«Мен қазақпын, бірақ менің отаным – Ресей»: бокстан әлем чемпионы даулы мәлімдеме жасады

Ресейлік боксшы Салтанат Меденова, жақында Сербияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен, оның «Матч ТВ» эфирінде жасаған мәлімдемесімен үлкен резонанс тудырды. Қазақ тамыры бар спортшы Қазақстаннан келген үндеулерге қарамастан, өз отаны ретінде Ресейді санайтынын атап өтті, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.
Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатының финалында Меденова 23 жасқа дейінгі екі дүркін Еуропа чемпионы, түркиялық Исильдар Бусруды жеңіп, 81 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
«Менің ең үлкен арманым – әлем чемпионы болу еді. Ақша үшін емес, мен жай ғана осыны қаладым – тұғырға көтеріліп, Ресейдің әнұранын шарықтату еді . Мен қазақпын. Маған Қазақстаннан көптеген адамдар: «Отаныңа қайт» деп жазып жатыр. Бірақ менің отаным – Ресей. Мен осында туып-өстім», – деді Меденова эфирде.
Бұл сөздерден кейін әлеуметтік желілерде қызу пікірталас басталды. Бірі чемпионды қолдаса, енді бірі оны сынға алды.
«Отанның – жұректе болу керек . Бірақ мұндай мәлімдемелер жасаудың қажеті бар ма?» – дегн дн жазбалар қалтырған .
«Ресейде сен чемпионсың, ал Қазақстанда сені ешкім байқамаушы еді», – деп Меденованы жақтаушылар да табылды .
Жомарт сыйақы мен бокстағы мәртебе
Әлем чемпионатындағы жеңісімен Меденова тек тарихқа еніп қоймай, 100 мың доллар көлемінде қомақты жүлде алады. Салыстыру үшін айтсақ, әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері 50 мың доллар, ал қола жүлдегерлері 25 мың доллардан алды.
Спортшы ресейлік бокста қала ма, әлде бір күні Қазақстанның атынан шығуды таңдай ма – бұл сұрақ алдағы уақыт еншісінде .
