«Мен қолымнан келгенше барымды саламын». Тоқаев қайтыс болған инспектордың әйеліне жауап берді
Қазақстан президентімен кездесуінде ірі өртте қаза тапқан Алексей Губаевтың әйелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған сауалында күйеуінің жеке көлігін қолданғанын ,орман шаруашылығынның көлігі де жоқ екенін алға тартты
Бұл туралы altyn-orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Неге орман шаруашылығында ешбір қосалқы бөлшектер жоқ, ештеңе жоқ. Олардың барлық машиналары үнемі бұзылады, оларда ештеңе жоқ. Неге күйеуім жұмыстан кету туралы арыз жазуға келгенде, орман шаруашылығының директоры неге қол қоймады . ? Неге бұлай істеп отыр? Менің жеке пікірім — олар кінәлі», — деді Татьяна Будюк Мемлекет басшысына.
«Сіздің сұрағыңыз заңды, орман шаруашылығын техникалық қамтамасыз етуге қатысты сұрақ дұрыс. Осы қайғылы оқиғаға әйтеуір қатысы бар адамдар, орман шаруашылығының директоры дейсіз бе, олар жауапқа тартылады», — деп жауап берді Тоқаев.
«Балама не айтайын? Әкесін іздеп жүр, несие алдық, жұмысқа бара алмаймын, ешқайда. Қалай күн көремін?» – деп жалғастырды марқұм инспектордың әйелі.
«Не айтайын.Сізге материалдық және қаржылай көмек көрсетіледі.Отбасының әкесін қайтару мүмкін емес, бірақ сіздің отбасыңызды, балаңызды асырауға келетін болсақ, бұл менің жеке бақылауымда.Мен бар күшімді саламын.
Күйеуіңнен, асыраушыңнан айырылғаныңды түсінемін. Бала қалды. Сондықтан көмектесемін деп отырмын. Жағдай шынымен қиын. Мен бәрін түсінемін. Мен басқа планетада тұрмаймын. Мен сіздермен бірге тұрамын», — деп жауап берді Мемлекет басшысы.