«Мен Ресейдің, Путиннің жеңгенін қалаймын!» — дінтанушы Зікірия Жандарбек

Әлеуметтік желіде дінтанушы ғалым Зікірия Жандарбектің сұхбаты жарық көрді. Сұхбаткер өз пікірін қолдап, ұрыста Путиннің жеңгенін қалайтынын ашық хабарлады, деп жазды «Адырна» ұлттық порталы. 

Дінтанушы ғалым Зікірия Жандарбек Ресей билігінің ұрыста жеңгенін қалайды. Бұл ойын 

«>Orda lıfe арнасына берген сұхбатында айтты. Бұған қатысты журналист Серік Дәулетәліұлы Абас-шах хабарлады.

— Қазақ тілді “путиншілдер” ашық кете бастапты. Мәскеудің басқыншылық соғысын қолдайтын қандастарымыздың басты мақсаты не (сонда)? — деп жазды автор.

Халықтың бұл тақырыпты талдау қарқыны жоғары. Сұхбатты тамашалаған оқырмандар бұған қатысты:

— Бір қуантатыны 99% мынаны қараған халық мына адамның адамгершілікке, имандылыққа теріс пікір айтқанын сынап отыр. Сол жағдай мені қуантты. Бұлар халықтың санасын улай алмайды дегенге сенемін. Бірақ, әлі де саналары қалыптаспаған жастарға мынадай жартыбастарды жолатпау керек!;

— Бұл зікіршілердің басы айналған. Қазақтың талай білімді азаматтары Исматулланың шылауында кетті…»;

— Дұрыс айтады! Көрші елдермен тату тұруымыз керек. Шамаға қарау керек, бір екі адамның жанжалымен ел басына күн туғызбау керек» деді оқырмандар.