Миланда білім алып жүрген қазақстандық қыз 20 жасында мектеп ашты

Қазақстандық жастар шетелдің беделді жоғары оқу орындарында білімін жалғастырып, жаңа белестерді бағындыруда. Солардың бірі – Ырысты Қызыхан. Ол 21 жасында Астанадағы Медициналық университетті үздік бітіріп, Милан университетінің магистратурасына түсті. Қазір ол өз мектебін – «Yrysty Academy» онлайн жобасын ашқан деп хабарлайды        Altyn-orda.kz     

El.kz ке сілтеме жасай отырып  

Ырысты фармация саласын таңдаған. Бұл мамандыққа оны дәрігер анасы шабыттандырған. Университетте жүріп, ол ғылыми және қоғамдық жобаларға қатысып, патент иеленіп, инвестиция жеңіп алған.

Миланға түсу үшін Ырысты академиялық көрсеткішін жақсартып, мотивациялық хаттар жазып, сынақтарға дайындалған. «Мұндағы білім беру жүйесі теориядан гөрі тәжірибеге, зерттеуге негізделген. Бұл кәсіби сенімділікті арттырады», – дейді ол.

Ол ашқан Yrysty Academy – ауылда да, қалада да тұратын оқушыларға қолжетімді білім беруді мақсат етеді. Онлайн мектеп ҰБТ-ға дайындық, тіл үйрету және халықаралық бағдарламаларға бағытталған.

Фотолар Ырысты Қызыханның жеке мұрағатынан