Мұрат Есжан: Қазақша субтитрлер тек көзбояушылық үшін жасалады

Режиссёр әрі сценарист Мұрат Есжан Qogam dauysy подкастында фильмдер мен сериалдардағы қазақша субтитрлердің сапасына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды altyn-orda.kz.
Есжанның айтуынша, Қазақстандағы кинематографияда тіл мәселесі жиі ескерусіз қалады. Бұл әсіресе қазақша субтитрлермен фильм көрген кезде қатты байқалады. Ол көп жағдайда сауатсыз аудармамен бетпе-бет келгенде ыңғайсыздық сезінетінін мойындады.
— Бұл мәселеге «кім қалай істей алады, солай жасай берсін» деген көзқараспен қарауға болмайды. Бұл туралы әңгіме қозғасаң, бірден «тіл жанашыры» атап шыға келеді. Бірақ бұл дұрыс емес, — деді режиссёр.
Есжанның айтуынша, қазақша субтитрлер көбіне заң талабын формалды түрде орындау үшін ғана жасалады, ал тілге деген шынайы құрмет пен мәдени маңыздылығы ескерілмейді.
— Субтитрге жауапты адамдардың көбі «не болса да жарайды» деп қарайды. Бірақ экрандағыны түсіну үшін тек қазақша субтитрге сенетін көрермен аз емес екенін білемін, — деді ол.
Айта кетейік, жуырда Мәжіліс депутаттарының бірі орыс тілді азаматтарды қазақ тілін белсендірек меңгеруге шақырып, бұл жеке даму үшін де, қоғамдық келісімді нығайту үшін де маңызды екенін атап өткен болатын.
Дереккөз: Ulysmedia.kz

Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды
01.08.2025, 11:57Қазақстандық 16 жастағы балуан әлемді бағындырды
31.07.2025, 13:13Он жыл ішінде Қазақстан 3,3 миллион адамды жұмыспен қамтуы керек
30.07.2025, 11:33
Соңғы жаңалықтар
-
Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды
01.08.2025, 11:57 -
Қазақстандық 16 жастағы балуан әлемді бағындырды
31.07.2025, 13:13 -
Он жыл ішінде Қазақстан 3,3 миллион адамды жұмыспен қамтуы керек
30.07.2025, 11:33 -
Жұмыс берушілермен кездесу өтті
29.07.2025, 18:01 -
Ердоған Тоқаевты Анкара әуежайында қарсы алды
29.07.2025, 15:25 -
Актөбе облысындағы бүтін бір ауылдың мектебі жабылудың аз ақ алдында тұр
29.07.2025, 13:22
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru