Мырзахметовке 30 миллион доллар параны олигарх Қайрат Боранбаевтың ағасы берді деген болжам бар.

«Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталды. Оған ақшаны ең бай қазақстандықтың ағасы Қайрат Боранбаев берген деген болжам бар, деп хабарлайды Arbat.mediaға сілтеме жасаған altyn-orda.kz/
Инсайдерлердің айтуынша, Абылай Мырзахметов ісінде пара берген деп болжанған адам қаржы жымқырды деген айыппен сегіз жылға сотталған олигарх Қайрат Боранбаевтың інісі Талғат Боранбаев.

Еске салсақ, 10 мамыр күні кешке Мырзахметовтің 30 миллион доллар (13,3 миллиард теңге) пара алу фактісі бойынша ұсталғаны белгілі болды. Кейінірек Антикор Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады.