«Нағыз талант »: Павлодарлық қыз 10 тіл үйреніп алған

Павлодарда 11-сынып оқушысы Асель Абдурахимова 10 тілді меңгерген: ол тәжік, өзбек, қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлейді, сондай-ақ қытай, испан, итальян және жапон тілдерін біледі деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Тілдерге қызығушылығы бала кезінен басталған, ал өзбек тілін ол жай ғана теледидар көріп жүріп үйренген. Қалған тілдерді өзі, күніне 7 сағат оқып меңгерген.
Мұғалімдер оны феномен деп атайды.
Асель қазірдің өзінде олимпиадаларда топ жарып жүр және ҰБТ-ға дайындалуда. Ол 25 жасқа дейін 15 тілді меңгеруді армандайды және араб, корей, неміс, фин және чех тілдерін оқығысы келеді.










