«Намаз оқымасақ, сақал қоймасақ ұрады»: Ауғанстандағы қазақтар қандай қысым көріп жатқандарын айты
«Жалғыз жолаушы» You Tube арнасына берген сұхбаттарында олар талибандар билейтін елде тіпті домбыра шертуге болмайтынын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Домбыра шертуге рұқсат бермейді. Шариғат бойынша болмайды дейді. Егер домбыра шерткенімізді көрсе, намаз оқымасақ, сақал қоймасақ ұрады, жәбір көрсетеді. Мешітке кім келді, кім келмеді тексеріп отырады. Келмегендерді молда айтып береді, оларды түрмеге қамайды», — дейді олар.
Ауған жеріндегі қазақтардың айтуынша, балалары мектепке бармаса да, құран сабағына қатысады. 17 үйден ғана тұратын қазақ ауылынан екі қари шыққан.
«Бұл жерде мектеп жоқ, құран сабағына бардым. Жақында қари болдым», — дейді Ғабділсалам.