Назарбаев кеңсесін ұстауға 4 млрд теңге сұралды
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін ұстауға шамамен 4 миллиард теңге сұралды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Негіздеме – шығыстар кітапхананың, жеке мұрағаттың және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайының жұмыс істеуіне бағытталған; 2024 – 1 195 450 000 теңге, 2025 – 1 328 275 000 теңге, 2026 – 1 338 684 000 теңге», — делінген «Ашық бюджеттер» сайтында.
Мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар сайтында Назарбаев кітапханасын қаржыландыру жобасы талқылануда. Осы мақсатта Тұңғыш Президенттің жеке кітапханасының, мұрағатының және мұражайының жұмысын ұйымдастыру, оның Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму тарихындағы рөлі, сондай-ақ оның шығармашылығын ақпараттық және имидждік насихаттау, креативті идеялар мен бастамалар көрсетілген.
Осылайша, Назарбаевтың кеңсесінің 100% жұмыс істеуін қамтамасыз ету шамамен 4 млрд. теңге қаражат жоспарланған.
Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылға 962 973 000 теңге жұмсалды, ағымдағы жылдың жоспары 958 196 000 теңге.
Жоба 19 маусымда жарияланды, қоғамдық талқылау 3 шілдеде аяқталды. 5 шілдеде ашық дауыс беру қорытындысы бойынша есеп шығады деп күтілуде.
Бұған дейін, Назарбаевтың кеңсесін («кітапхана») үш жыл бойы қаржыландыруға 5,6 млрд теңге жұмсалғаны айтылды. Сондай-ақ, Назарбаевтың кеңсесі көлік қызметіне 65 млн теңге мемлекет қаражатын жұмсамақ.
Артынша наурыз айында билік кітапханадан мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.
Маусым айында қаржы министрі билік Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыруды тоқтатқысы келетінін айтты.