Назым Қызайбай бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтті. Қазақстан атынан бес спортшы бақ сынады деп хабарлайды Altyn-orda.kz Vesti.kz ге сілтеме жасай отырып
Біздің елдің намысын қорғаған боксшылар:
- Назым Қызайбай (48 кг дейін)
- Алуа Балкибекова (50 кг дейін)
- Виктория Графеева (60 кг дейін)
- Аида Әбікеева (63 кг дейін)
- Елдана Тәліпова (81 кг жоғары)
Бірінші болып рингке шыққан Қызайбай ресейлік Юлия Чумгалакованы айқын басымдықпен жеңіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды (2014, 2016, 2025). Бұған дейін Қазақстанда мұндай жетістікке ерлер де, әйелдер де жете алмаған. Осы жеңісі үшін Назым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауына ие болды.
Жеңісті жолды Балкибекова жалғастырды. Ол қытайлық Ху Мэйиді жеңіп, әлем чемпионаттарындағы алғашқы алтын медалін иеленді. Бұған дейін ол 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола медаль алған еді.
Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтынды Әбікеева салды. Ол таиландтық Тананья Сомнуекті сенімді түрде жеңіп, 2024 жылғы Азия чемпионатындағы триумфының лайықты жалғасын жасады.
Графеева мен Тәліпова алтын жүлдеге жете алмады, бірақ күміс медаль иегерлері атанды.
Қазақстандық боксшылардың финалдағы нәтижелері:
- 48 кг: Назым Қызайбай – Юлия Чумгалакова (Ресей) – 5:0
- 50 кг: Алуа Балкибекова – Ху Мэйи (Қытай) – 5:0
- 60 кг: Виктория Графеева – Нуне Асатрян (Ресей) – 0:5
- 63 кг: Аида Әбікеева – Тананья Сомнуек (Таиланд) – 5:0
- +81 кг: Елдана Тәліпова – Илян Чжан (Қытай) – 1:4
- фото ©instagram.com/qaz_team_official
