Назым Қызайбай қарсыласын тас-талқан етіп, Астанадағы жарысты жарқын жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы және Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде кем дегенде қола медальді иеленуді қамтамасыз етті, деп хабарлайды Tengri Sport. қа сілтеме жасаған Altyn-orda.kz
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Қызайбайдың қарсыласы — Өзбекстаннан келген, соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Фарзона Фозилова болды.
Бірінші раундтан кейін төрешілердің пікірі екіге бөлінді: үшеуі жеңісті қазақстандыққа берсе, екеуі — қарсыласына. Бірақ екінші раундта барлық бес төреші бірауыздан Қызайбайдың басымдығын мойындады.
Үшінші раунд та қазақстандық боксшының пайдасына шешіліп, жалпы есеп 5:0 болып тіркелді.
Айта кетейік, жарыс регламенті бойынша Әлем кубогы кезеңінде қола медаль үшін жеке жекпе-жек өткізілмейді, сондықтан жартылай финалға шыққан барлық спортшы автоматты түрде кемінде қола медаль алады.
1/8 финалда Назым Қызайбай Канададан келген Приянка Диллонды айқын басымдықпен жеңген болатын.
Назым Қызайбай — қазіргі әлем чемпионы. Ол 2025 жылдың наурызында Сербияда өткен әлем чемпионатында 48 келі салмақта барлық қарсыласынан басым түсті. Ал өзбекстандық Фозилова сол жарыста ресейлік Юлия Чумгалаковаға есе жіберген еді.
Назым Қызайбай 1993 жылы 14 қыркүйекте Алматы облысындағы Жетыген ауылында дүниеге келген. Ол әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне 2014 жылы қол жеткізсе, 2016 жылы бұл жетістігін қайталады.
2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.
Назым Қызайбай Астанадағы жарысты жарқын жеңіспен бастады
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Қазақстанда ақылы әскери дайындықты таңдайтындар көбейіп келеді
02.07.2025, 13:19
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда ақылы әскери дайындықты таңдайтындар көбейіп келеді
02.07.2025, 13:19 -
Германиядан келген Денис өзінің тұған ауылын қайта жандартқысы келеді
02.07.2025, 11:37 -
Қазақстанда «никаб» киюге тиым салынды
01.07.2025, 12:43 -
Ақтауда түркі сәні фестивалінде 150 жылдық тарихы бар киімдер көрсетілді
01.07.2025, 11:14
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru