Неліктен Дастан Сәтпаев еуропалық қарсыластарға қарсы алаңға шықпайды?

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанатын ойыншылардың тізімін белгілі болды .

Алайда жарияланған құрамда Дастан Сәтпаевтың есімі жоқ. Бұл туралы   altyn-orda.kz     хабарлайды.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев, сондай-ақ Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев қазіргі уақытта ем қабылдап, дайындық кезеңінен өтіп жатыр.

Айта кетейік, 2 қаңтар күні команда үш апталық демалыстан кейін клуб базасында жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.

Ал 4 қаңтарда «Қайрат» оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Абу-Дабиге жол тартты. Жиын 15 қаңтарға дейін жалғасады.