«Немерем бармайтынын айтып, жылап жіберді»: Алматы облысында көрші еркектен зорлық көрген 8 жасар қыздың әжесі сұмдық оқиғаны айтты
Жұрттың жағасын ұстатқан бұл оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зорлық көрген кішкентай қыздың әжесінің айтуынша, 44 жастағы көршісі жиен немересіне бір жыл бойы сексуалды сипаттағы жымысқы әрекетін төрт рет жасаған екен.
«Алик – қызыма зорлық көрсеткен көрші еркек, яғни күдікті. Ең алғаш 2022 жылдың шілде айында немерем сол Аликтің екі баласымен аулада ойнап жүрген. Сол кезде әлгі Алик екі баласын ойнап отырған жерге қалдырап, менің немеремді қолынан жетектеп үйіне кіргізіп алады. Сосын немеремнің іш киімін шешіп, өзінің де шалбарын тізесіне дейін шешіп, кішкентай қыздың үстіне шығып жыныс мүшесін әрі-бері үйкелеген. «Мүшесін құйрық жағыма салғысы келді, бірақ сыймағасын мені өзінің алдына тізерлеп отырғызып, жыныс мүшесін аузыма салды. Мүшесінен сүт сияқты сұйықтық ақты. Мен кілемге түкіріп тастадым. Жиіркеніп құсып жібердім» деп айтты немерем. Алик жыныс мүшесін немеремнің аузына тыққан. Бұл жағдай соңғы бір жылда төрт рет қайталанған», – дейді қыздың әжесі.
Көрші ер адамнан зәбір көрген қыз жақындарына дәл осы көрген қорлығын айтуға жүрексінген. Сондай-ақ азғындық жасаған еркек те 8 жастағы оқушыға тіс жармауын өтініп, тіпті қорқытқан екен.
«Әр барған сайын «сен ешкімге айтпа, бұл – құпия. Апаңа, анаңа, үйдегілердің ешқайсысына айтпа» деп немеремді қорқытыпты. Өйткені Алик менің немеремнің көзінше балаларына айғайлап, оларды боқтап, ұрады екен. Бұл оқиғаны қыз қорқып бізге айтпаған. «Апам, анам ұрсатын шығар деп, сіздерден де қорықтым» деп немерем жылап жіберді», – дейді зорлық көрген оқушының әжесі.
Бұл сұмдықтың құпиясы таяуда ашылған екен. Осы уақытқа дейін арам әрекетін іске асырып келген әлгі көрші еркек 8 жасар қыз тұратын үйдің телефонына қоңырау шалып, өз үйіне тағы шақырған. Сол сәтте немересі жылап, бармайтынын айтып, бүкіл шындықты әжесі бүкпесіз баяндап берген.
«Үйдің телефон шырылдады. Тұтқасын сол 8 жастағы немерем көтерді. Ол кім десем, «Алик аға. Тез кел, алма беремін, пакет алып кел деп айтты» дейді. Сол кезде немерем бармаймын деп жылады. Біз осы уақытқа дейін 15 жыл көрші болдық. Ешқашан ренжіскен емеспіз. Дәл сол Алик сондай әрекет жасайды деп ойламаппын. Естіген кезде төбемнен ыстық су өткендей болды. Жүрегім жылап тұр», – дейді қыздың әжесі.
Дәл қазіргі таңда күдікті ұсталып, қамауға алынған. Аталған іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.
Видео сұхбаттың толық нұсқасын Stan.kz Youtube арнасынан көріңіз.