Ниқаб киіп Қазақстан туын қорлаған күдікті қыздар ұсталды

Желіде ниқаб киген қыздардың өзгертілген дизайны бар Қазақстан туын ұстап тұрған суреті тарады. Полиция барлық күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.
Оқиғаның мән-жайы
Жарияланған суретте қыздар мемлекеттік туды ұстап тұр, оның жоғарғы бөлігіне араб жазуы қосылып, астына қылыш бейнеленген. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырып, тергеу жұмыстарының басталуына себеп болды.
Полиция жедел әрекет етті
Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу барысында суретте бейнеленген төрт адамның жеке басы анықталып, олардың барлығы полицияға жеткізілді.
«Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
