Нұрболат Абдуллин шамамен 1 млн 600 мың теңгеге костюм алғанын көрсетті (фото)

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин жаңадан алған қымбат киімін көрсетті. Әнші Instagram парақшасында сатып алған костюмінің құны 1миллион 595 мың теңге екенін мәлімдейтін сурет жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. «Жаңа киімнің тұсауы кесілді», — деп жазды Нұрболат Абдуллин. Ал кейінірек әншінің жариялаған суреті кейінірек әлеуметтік желіге таралып кеткен. 

Желі қолданушылары Нұрболат Абдуллиннің жаңа киімінің бағасын қызу талқыға салды. «Халық «бәрі қымбат» деп, зар еңіреп жүргенде бұл киімнің бағасын көрсетіп мақтанып жүр. О, тоба. Жарайды, еш қарсылығым жоқ тапқан шығар. Бірақ осының керегі не?», «Қандай адам екенің киімнің бағасымен өлшенбейді», «Халық қолдамаса, халық әндеріңді тыңдамаса, халық соңғы тиынына билет алып, концертіне бармаса ондай ақша да, ондай костюм де болмас еді. Ер адамға мақтану мүлде жараспайды», «Біреу — тойып секіреді, біреу — тоңып секіреді». «Жұмыс істеді, еңбектеніп тапты, алсын», «Бізге бағасы қызық емес», «Қазақтың жігіттері бай, бақуатты болып жатса, алсын», — деп жазды желідегілер. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрболат Абдуллиннің жұбайы алғаш рет сұхбат беріп, әншімен қалай танысқанын айтып берген болатын.

kaz.nur.kz/