Нұрболат Абдуллин жұбайымен гендер пати жасады (видео)
Отандық әнші Нұрболат Абдуллин мен жұбайы үшінші сәбиінің жынысын білу үшін гендер пати жасады. Бала жынысын анықтау үшін түсірілген видеоны әншінің жұбайы Гүлфарида Жұбаева Instagram желісіне жүктеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Күтіп жүргендеріңізді білемін. Негізі басында бұл рәсімді жасамаймыз дегенбіз. Тек Шахназ бен Табиғат қашан шар жарамыз деп жылап жүрді. Әрі біреуі “қыз” десе, екіншісі “ұл” деп таласып жүрген. Жалпы қай ана үшін де, бауыр еті баласының ұл немесе қыз болғаны маңызды емес. Себебі Алла ананы сондай махаббатқа толы жүрекпен жаратқан. Бар баласын бөліп жармай, бірдей жақсы көреді. «Бір баласы бардың — шығар шықпас жаны бар. Екі баласы бардың өкпе, бауыр, жалы бар. Үш баласы бардың Бұқарада бұты бар, Хорасанда қолы бар»деген сөз бар. Аллахым үшінші сәбиіміздің де бақытты отбасында туылып, өсуін нәсіп етсін», — деп жазды Нұрболат Абдуллиннің жұбайы.
Алайда әншінің отбасы дүние есігін ашатын үшінші сәбидің жынысын көпшіліктен жасырып қалған. Ал желі қолданушылары Нұрболат пен Гүлфариданың шаңырағында ұл бала дүниеге келеді деп болжады. «Ұлдың бауы берік болсын», «Атұстар құтты болсын», «Аман-есен» бауырыңызға басыңыз», — деп жазды желідегілер. Айта кетейік, Нұрболат Абдуллин мен жұбайы Гүлфарида бүгінде Табиғат және Шахназ есімді екі қыз тәрбиелеп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әншінің жұбайы алғаш рет сұхбат беріп, қалай танысқандарын айтып берді.