Нұрлан Қоянбаев қазақстандықтарды қазақ тілін үйренуге шақырды

Танымал продюсер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев қоғамдағы қазақ тілінің рөлі туралы пікірін білдіріп, тілдің нығаю жолы — күнделікті тәжірибе мен әр азаматтың жеке жауапкершілігінде екенін айтты.
Оның бұл сөздері Zamandas подкастында айтылды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Өнер иесінің айтуынша, қазақ тілді жобалар ұзақ жылдар бойы қолдаусыз қалып,тасада қалып қойған
«Мен көп жылдан бері өз аудиториям үшін жұмыс істеп келемін. Бізге өте қиын болды. Қазақ тіліндегі фильмдеріміз прокатқа шықпайтын, қазақ тіліндегі бағдарламалар аз еді. Біз бұл кезеңді үнсіз бастан өткердік. Кейде бізге қарсы пікір айтатындар да табылатын — ‘Медицина орысша мен ағылшынша дамыған, ал қазақша ғылымды түсіну қиын’ дейтін», — деп еске алды Қоянбаев.
Ол тіл мәселесін шешудің бір ғана жолы бар екеніне сенімді — қазақ тілін үйренуді басымдыққа айналдыру.
«Финляндияда 3–4 миллион халық фин тілінде сөйлейді, Норвегияда 6 миллион адам норвег тілін қолданады. Демек, тіл — мәселе емес. Тілдік мәселені шешудің жалғыз жолы бар: бәріміз қазақ тілін үйренуіміз керек! Бітті. Нүкте!» — деді тележүргізуші.
Қоянбаев тіл үйрену процесін жүзуді меңгерумен салыстырып, бұл ең алдымен ішкі ниеттен басталатынын айтты:
«Адам қалай жүзуді үйренгісі келсе, сол секілді ‘Мен ана тілім — қазақ тілін білуім керек’ деген мақсат қоюы қажет».
Бұған дейін әнші M’Dee де осыған ұқсас көзқарас білдіріп, қазақ тілін енді ғана үйреніп жатқанына қарамастан, толықтай қазақ тілінде альбом шығаратынын мәлімдеген болатын.

Абай облысында көптен күткен жаңа мектептің құрылысы басталды
19.06.2025, 11:34
Соңғы жаңалықтар
-
Нұрлан Қоянбаев қазақстандықтарды қазақ тілін үйренуге шақырды
23.06.2025, 11:44 -
Абай облысында магнитудасы 4.0 болатын жер сілкінісі болды
23.06.2025, 11:07 -
Қазақстандағы ресейлік компания қызметкерлері қазақ тілін үйреніп жатыр
23.06.2025, 10:30 -
Земфираның Алматыда жоспарланған концерті өтпейтін болды
23.06.2025, 10:12
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru