Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне жасалған отадан кейін ауруханадан шықты

 

Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне жасалған отадан кейін Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтан шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жағдайының қалыпқа келуіне және жақсаруына байланысты үйіне шығарылды», — дейді Ұлттық кардиохирургия орталығының баспасөз хатшысы портал тілшісіне берген жауабында. Еске сала кетейік, экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 20 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғанын, оның сәтті өткенін хабарлаған болатын. Операцияны жасаған белгілі қазақстандық кардиохирург Юрий Пя сол күні журналистерге оның жоспарлы түрде болғанын айтқан.