«Ол біз үшін аянбай еңбек етті»: Маңғыстаулық 10 қыз әкесіне 60 жылдық мерейтойына пәтер сыйлады

Маңғыстау облысының Қызан ауылында қазақстандықтарды тебіренткен ерекше оқиға орын алды. Он қыз әкесіне — Шалғын Өтегұловқа 60 жасқа толуына орай Ақтаудан жаңа пәтер сыйлады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Tengri Life-тің мәліметінше, әпкелі-сіңлілер бір жылдан астам уақыт бойы ақша жинап, әкесінің арманына айналған үйді сатып алуға күш салған. Олар қарапайым ауыл отбасында өскен. Әкесі мен анасы он бір баланы асырап, жылу мен қамқорлық сыйлау үшін бар өмірін еңбекке арнаған.

«Ол бізді өсіру үшін тыным таппады. Әкем мен анам болашағымыз үшін өзін аямай еңбек етті. Біз тек оны қуантып, жайлылық сыйлағымыз келді», – дейді үлкен қыздары Жақсыгүл Шалғынқызы.

Оның айтуынша, жаңа пәтерді іэдеу  міндетін кіші егіз сіңлілері – Амина мен Алина өз мойнына алған.

2021 жылы бұл отбасы әкесіне көлік сыйлаған болатын, ал бұл жолы одан да үлкен қадамға барып, баспана тарту етуді жөн көріпті.

Пәтердің бағасы, бөлме саны мен нақты орналасқан жері айтылмаған. Бірақ бұл сыйлықтың оңайлықпен келмегені және оның артында үлкен махаббат жатқанын байқау қиын емес.

Шалғын Өтегұловтың айтуынша, қыздарының дүниеге келуі — оның өміріндегі ең үлкен қуаныш болған.

Әлеуметтік желідегі жазба астында қолданушылар бұл оқиғаға сүйсініп пікір білдіруде:

«Неткен керемет қыздар!», «Нағыз супер-әпкелер!», «Ата-аналарыңызға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!» – деп жазуда олар.

Өтегұловтар әулетінің бұл оқиғасы — баланың ата-анаға деген ризашылығының жарқын үлгісі әрі әке мен қыз арасындағы сүйіспеншіліктің қаншалықты терең болатынын еске салады.