Өмірқұл Айниязов жол апатына ұшыраған жалғыз ұлының қазіргі жағдайын айтты (фото)

Отандық әнші Өмірқұл Айниязов осыдан бірнеше күн бұрын жалғыз ұлының жол апатына ұшырағанын айтқан болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында баласының қазіргі жағдайын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өмірқұл Айниязов тамыз айында шаңырақ көтергелі жатқан ұлының жол апатына ұшырап, ауруханада жатқанын көпшілікке бөліскен еді.

«Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда, балам. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, соңын күттік. Шүкір, бәрі жақсы. Ағайын, тойда жолығайық», — деген еді Өмірқұл Айниязов. Ал бұл жолы өнер иесі көпшілікті жағымды жаңалығымен қуантты. «Ұлымыз үйге келіп, көзайым болып жатырмыз», — деп жазды Өмірқұл Айниязов. Желі қолданушылары әншінің отбасына амандық тілеп, лебізін жаудырды. «Ұлыңыз аман болсын», «Алла Тағала жалғыз ұлын қайтарып берді. Алланың сынағы деп қабыл алыңыз. Ешқандай ата-ананы баламен сынамасын», «Жалғыз аманатыңызды Аллам әрқашан өмірдің түрлі сынағынан қорғап жүргей», «Алла шипасын берсін», — деп жазды желідегілер.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝓞𝓶𝓲𝓻𝓴𝓾𝓵 𝓐𝓲𝓷𝓲𝔂𝓪𝔃𝓸𝓿 (@omirkul_ainiyazov)

kaz.nur.kz