ОҢҒАР ҚАБДЕН: Тәшенов атындағы көшені көріп, қорлықтан жыладым
Бағанағы Павлодардағы көшелерге қатысты мынандай жауап алдым. Керекуде 24 көшенің аты өзгертілмек. Қабанбайға да, Бөгенбайға да көше береміз дейді.
Бірақ беретін көшелерін көрсеңіз баһадүр бабаларымның әруағы үшін мен ұялдым. Розы Люксембург деген көше көп ешкім білмейтін, тар көше. Алтайды асып Қытайды айырған, Башқұртты басып орысты қайырған Бөгенбай сол көшеге лайық па? Берсеңдер Назарбаевтың атындағы орталық көшені беріңдер! Назарбаевтың қазаққа дәл Бөгенбайдай еңбегі сіңген жоқ!
Қабанбайға бермекші Ладожская деген көшені таксистердің өзі картамен әрең тауып барады. Қаланың шеткері жеріндегі бір тұйық көше.
Ал қазақтың бес облысын бермей алып қалған Жұмабек Тәшенев атындағы көшені көріп жыладым. Қорлықтан! Қаланың ең шетіндегі, тоғыз үйі бар көше! Мынау таза масқаралық! Бүйтіп бергенше бермей-ақ қойыңдар!
Бұған дейін автор Павлодарда Бөгенбай мен Қабанбай атындағы көше жоқ екенін жазған еді.