Оңтүстік Кореяда мешіт салуға қарсы болған белсенділер шошқамен «шабуыл» жасады

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында мешіттің салынуына қарсы болған белсенді топ түрлі акциялар дайындай бастады. Жақында олар мешіт құрылысы жүріп жатқан жерге шошқа етінен барбекю жасады, деп хабарлайды Opindia.com.

Тэгу қаласында мешіт салуды 150 мұсылман студент қолға алған. Олар өздерінің уақытша жатақханаларының қасынан құлшылық үйін салып бастайды. Алайда мұны білген кореялықтар қарсылық шерулерін өткізеді.

Кейін бұдан пайда болмасын біліп, шошқамен «шабуыл» жасауға көшеді. Атап айтар болсақ, алдымен олар мешіт құрылысы жүріп жатқан жерге шошқаның басы бар орындық қойып кеткен. Ал кейін мешіт маңында шошқа етінен барбекю жасайды. Мешіт салушыларға кедергі келтірмек болған белсенділер шошқаны тұстастай күйдіріп, тамақ дайындаған.

Екі тарап арасында жанжал туындауынан қорыққан полицейлер оқиға орнына жеткен. Алайда мешіт салушылар белсенділердің әрекетіне еш қарсылық жоқтығын айтып, олардың асықпай тамақтанып алуына мүмкіндік берді.

kaz.nur.kz