«Орысша ойымды жеткізу оңай». Қазақша сөйлеуге қымсынатын депутаттың әйелі сынға қалды

Қазақша таза сөйлейтін Қазақ еліндегі этникалық орыс ұлтының өкілі, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповскихтің қазақ әйелі жұрттың сынына қалды. Көңілі күпті көрерменнің алаңдауына да негіз бар секілді. Себебі, қазағым деп өмір сүрген депутаттың әйелі қазақша сөйлеуге қымсынып, қуыстанатын болып шықты. Қазақшаны жетік білетін орыс ұлтының азаматымен тұрмыс құрған қазақ қызы керісінше, өз тілінен гөрі өзге тілде жиі сөйлеуді жөн деп тапқан. Бұл тек депутаттың әйеліне тән ғана жағдай емес, Қазақ елінде өсіп-өнген, алайда ұлттық салт-санадан жұрдай талай қазаққа тән, деп хабарлайды Экспресс К-

Бұған дейін тіл мәселесін көтеріп, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген депутат Геннадий Шиповскихке соңғы кезде әйелі туралы оқырмандары көптеген сұрақ қоя бастаған. Көңілі күпті көрерменнің алаңдауына да негіз бар секілді. Себебі, қазағым деп өмір сүрген депутаттың әйелі қазақша сөйлеуге қымсынып, қуыстанатын болып шықты.

Желі қолданушыларын депутаттың жұбайы неліктен орысша сөйлейтіні мазалаған. Бұл сауалдарға депутат жұбайы екеуі жауап беріп, оның видеосын ТікТок парақшасында жариялады.

«Кейбір оқырмандарым «Неге Алтынай (депутаттың жұбайы: автор) қазақша сөйлемейді?», «Жұбайыңызды қазақша үйретіңіз» деген сияқты сұрақтар қояды. Осыған байланысты кішігірім түсініктеме бергім келеді. Біздің отбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына ұқсайды десек, артық болмас. Неге десеңіздер, өзім орыс бола тұра үйде не сыртта болсын қазақша көп сөйлеймін. Ал Алтынай қазақ бола тұра, кейде өкінішті-ақ, орысша көбірек сөйлейді», — деді Геннадий Шиповских.

Депутат бала күнінен қазақи ортада жүріп, мектепті қазақ тілінде тәмамдағанын алға тартты. Айналасындағы жандардың барлығы қазақ болыпты. Әйелі Алтынай да 1-сыныпқа қазақ мектебіне барғанымен, ортасы орыс тілділер болған. Сол үшін көбінде орысша сөйлейді екен.

— Қазақша жаза да, сөйлей де аламын. Қазақтың барлық салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарын жақсы білемін. Бірақ, маған ойымды орыс тілінде жеткізу жеңіл. Өйткені айналам орыс тілділер болды. Сондықтан сол тілде сөйлеймін, — деді депутаттың жұбайы.