«Орыстардан құтылу үшін істеп отыр»: ресейліктерге Қазақ үкіметінің кешегі шешімі ұнамай қалды

Украина президенті кеңсесінің бұрынғы кеңесшісі Алексей Арестович ресейлік құқық қорғаушы Марк Фейгинмен Қазақстан билігінің жуырдағы шешіміне қатысты пікір білдірді.

Жаңа өзгеріс бойынша елге келген ресейліктер 90 күннен соң жарты жылға дейін қайтіп Қазақстанға кіре алмайды.

Видео ZTB QAZAQSTAN телеграм арнасында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Ондағы диалог былай өрбіген.

 Қалай ойлайсыз, не үшін олар осындай өзгеріс енгізді?

— Бірінші орында орыстардан құтылу үшін, басқа не болушы еді

— Әрине, өйткені олар жаппай мобилизацияның болуын күтіп отыр және миллиондаған орыс келуі мүмкін деп болжауда. Және олар мұны ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатер деп қабылдайды.Сол үшін заңға өзгеріс енізіп жатыр. Міне ресейліктер ойланыңдар, басты жол Қазақстан жабылып жатыр, деді құқық қорғаушы,

Еске салсақ, кеше Қазақстан Республикасының үкіметі иммигранттардың Қазақстанға келу және болу ережелеріне өзгерістер енгізген болатын. Ол бойынша енді Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер бір күнтізбелік кезең ішінде 180 күн ішінде елде заңды түрде 30 күн, жалпы алғанда 90 күнге дейін бола алады.

Қазақстанға келген ЕАЭО елдерінің азаматтары елде 90 күн бола алады, бірақ 180 күндік бір күнтізбелік кезеңде ғана болады. Яғни үш айдан кейін елден кетуі тиіс және жарты жылға дейін қайта кіре алмайды.