Өздерінің салт- дәстүр ұстанбайтынын, жұма сайын иіс шығару харам екенін ашық айтады! Белгілі заңгер әлеуметтік желіде радикализмді қолдайтын жастардың көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қақты
Салт-дәстүрімізді сыйламайтын террористер көбейіп кетіп, ертең қолымызды кеш сермеп қалмайық. Мүмкін бұлар өздерін жарып жіберуге уақыт күтіп жүрген шығар, кім біледі?
Белгілі жаңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде радикализмді қолдайтын жастардың көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қақты. Оның айтуынша, жастар қара жамылып бетін бүркемелеп алып, салт-дәстүрімізге қайшы ашықтан-ашық насихат жасап жатыр. Мұның арты елде террористердің көбеюіне алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ұлттық Қауіпсіздік Комитет төрағасы Ермек Алдабергенұлы! Тик-ток желісін бақылауға алуыңызды сұраймын!
Түнгі сағат 12-00 бастап таңғы 06:00 дейін бетін бүркемелеп алған, қара жамылған жастар осылай насихат жүргізуде!
Өздерінің салт- дәстүр ұстанбайтынын, жұма сайын иіс шығару харам екенін ашық айтады! Тек қыздар емес жігіттер де дәл осылай өздерінің көзқарастарының дұрыс екенін ашық талқылайды.
Тик-ток желісін жастар көп қолданады. Жастарымыздың саналары уланбас үшін, біз алдын алу профилактикасын жасауымыз керек!
Сол себепті тик-ток желісін бақылауға алыңыздар!
Салт-дәстүрімізді сыйламайтын террористер көбейіп кетіп, ертең қолымызды кеш сермеп қалмайық!», деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Тағы бір жазбасында салт-дәстүрді ұстанбайтын осындай бір қыздың «Уақытымызды күтіп жүрміз» деген сөзінен күдіктенетінін жеткізген.
«Мына видео Салт-дәстүрді ұстанбайтын қыздың парақшасынан алынды!
Бұндай түсініксіз қара жамылып, түсірілген видеолары өте көп!
“Уақытымызды күтіп жүрміз”-, деген әңгімені естідім тікелей эфирінен! Қандай уақыт күтіп жүр?
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, хабарларыңыз бар ма?
Мүмкін бұлар өздерін жарып жіберуге уақыт күтіп жүрген шығар, кім біледі?», — деп атап өткен.