«Өзім қалаған дүние»: Баян Мақсатқызы мәһрге не сұрағанын айтты

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовтен мәһрге не сұрағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабарlike” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Биыл – продюсердің екінші мәрте тұрмыс құрғанына – 7 жыл. 

“Тұрсын мырза мәһрге кеңсе сыйлады. Басқа қыздар сақина, алтын сұрап жатады ғой. Мен одан үлкен кеңсе сұрадым. Ол орындап, өзім қалағандай кеңсені тарту етті”, – дейді актриса. 

Сонымен қатар, жақында 50 жасын дүркіретіп атап өткен продюсерге күйеуі елде жоқ көлік сыйлаған. 

“Тұрсын туған күніме Меладзені шақырып, дуэт айтқызды. Бөлек тағы да өте жақсы сыйлық берді. Ол – машина. Маркасы – Rolls-Royce. Бірақ оны әлі мінген жоқпын, шамасы, түсі көк пе, көгілдір ме, сондай. Әлі көрмедім, көруге уақытым жоқ. Келген қонақтардың да сыйлығын ашпадым. Бәрін көріп, ашуға мүлдем уақытым жоқ», – деп ағынан жарылды. 

Еске салайық, продюсердің туған күніне әріптестері қандай сыйлық әкелгенін жазған едік.