«Палауға таласқан қазақтардың видеосы әлемді шарлап кетті» — Оңғар Қабден
Наурыз мерекесінде бірінің үстіне бірі мінбелеп, ақ дастархандағы адал асты ерекше қарқынмен «талан-таражыға» салған Қазақ елі тұрғындарының видеолары әлемді шарлап кетті. Палауға таласқан тұрғындардың әрекетін шетелдіктер де көріп, жағасын ұстаған. Журналист Оңғар Қабден мұндай «мешкейлік» жайын шетелдік достары айтқанда ұяттан жерге кірерге тесік таппағанын жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл жайлы журналист Оңғар Қабден:
— Өткенде парақшамнан УкраинаданAida Khametzhanovaжіберген видеоны бәріңіз көрдіңіздер. Қазақтар тіккен киіз үйдің қасында украин жігіті өзіне берген бір тарелка палаудан екі-үш қасық жейді де, қалғанын кішкентай қызына береді.
Қазанның қасындағы палау салып тұрған ағай «кел, тағы да салып берейін. Палау бар әлі» десе ана жігіт, «мен өзімдікін алдым ғой. Қазандағы ол басқаларының несібесі» деп жауап береді. Сол кезде қатты таң қалып едім. Көз алдыма Болаттың берген палауына таласқан өзіміздің халық келіп, қатты ыңғайсызданғанмын.
Сосын өзімізді солармен салыстырып соғыс болып жатса да ары мен намысын жоймаған халық екен сүйсінгенмін, — деп Оңғар Қабден Украина тұрғындарының ұстамдылығын сөз етеді. Кейіннен оны Наурыз мерекесіндегі тұрғындардың «ашкөздігімен» салыстырады.
— Кешегі «палау таласты» көріп жылағым келді. Құдай-ау отыз жылда не болып кеткенбіз?
Халық аш, жалаңаш деп ақтамай-ақ қойыңыздар. Бір тарелке тамақ үшін Африканың өзінде бұлай таласпайды.
Тегін тамақ, тамақ тарату деген акцияны тоқтату керек. Жетімдер үйіне, қарттар үйіне барып істе. Мешітке апарып қатымханасына жай дастарханды. Адам құсап отырып жесін. Не мынау? Палауға таласқан қазақтардың видеосы әлемді шарлап кетті.
Бағана Украинадан хабарласқан жігіттер шок болып жатыр. Не айтарымды да білмедім, — деп қапаланды журналист.
Оқырмандар Оңғар Қабденді қостады:
«Бесіктен бастап түзетпесе, мынадай «мәдениетпен» ел болу қиын»;
«Қайырымдылықты көрсетіп жасамасын. Бұл 1-2-ден тамаққа тойдырып, үй әперу емес, яғни балық емес, қармақ беруді бастайық. Жұмыс көзін ашсын. Тиындап сбордан жмнап болса да жұмыс көзін ашу, не жұмысқа үйрететін курстарға оқытып, кәсіп бастатып па!?»;«Өз басым тегін үй салып, алып бергенді қолдамаймын. Соны көрген баласы масыл болады. 100%. Бала көргенін жазып алады миына. Ал оларды міне, мына балалары бар деп шиттей балаларды экранға шығару ол тіпті масқара»;
«Ас пен тойда да дастарханды сыпырып кетеды ғой»;
«Дұрыс айтасың! “Патшасы құзғын болған елдің, басшылары азғын, халқы тозғын?!” — болғанның кері келіп тұр біздің елге?! Мойындау керек! Рухани жағынан азу ғой бұл?! Ескі жұртбасы құрған жүйені түгел құртып, Бір Аллаға сиынып, бәрін де қайтадан бастау керек!» деп жазды оқырмандар.