Париж Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына үшінші жүлде түсті

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ғұсман Қырғызбаев сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичпен Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдесті. 66 кг салмақ дәрежесіндегі белдесуде қазақстандық дзюдошы «вазари» ұпайымен жеңді. Бұл — Қазақстан қоржынына түскен Париж Олимпиадасының үшінші медалі. Осыған дейін мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлде еншілесе, дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль иеленген еді. Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде испаниялық дзюдошы Дэвид Гарсиямен кездесіп, қосымша уақытта «вазари» ұпайымен жеңген болатын.

Кейін ол 1/8 финалда Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан, ал ширек финалда Олимпиада қожайыны – Франция құрамасының спортшысы Валид Кхярдан басым түскен еді. Алайда жартылай финалда Бразилия өкілі Виллиан Лимаға есе жібер

 

kaz.nur.kz