Пашинян: Армения «Қарабах қозғалысынан» түбегейлі бас тартты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің «Қарабах қозғалысы» идеологиясынан толықтай бас тартқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Армения шынайы тәуелсіздікке тек Әзербайжанмен қақтығысты реттеп, аумақтық талаптардан бас тартқаннан кейін қол жеткізді хабарлайды Altyn-orda.kz
Пашинян 1990 жылғы Тәуелсіздік декларациясы кеңестік үлгідегі сыртқа бағытталған патриотизмді бейнелегенін, бұл идеология кейін аумақтық дауларға және Қарабақтағы жанжалға негіз болғанын атап өтті. Ол мұндай бағытты жалғастыру армян мемлекеттілігі үшін қауіпті екенін айтты.
Премьер-министрдің сөзінше, қазіргі саясат бейбіт қатар өмір сүруге бағытталған: Армения Түркиямен диалог орнатып, Әзербайжанмен келісімдерге қол жеткізген.
«Бүгінде Армения тарихтағы ең тәуелсіз кезеңін бастан өткеріп отыр», – деді ол.
Еске салсақ, 2023 жылы Әзербайжан Қарабақты толық бақылауына алды, ал 2025 жылдың 8 тамызында Вашингтонда Пашинян мен Ильхам Әлиев Армения арқылы Нахичеванға баратын көлік дәлізін ашу туралы келісімге қол қойды. Жобаға армян тарапы «Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолы» деген атау берген.
