“Пәтерден пәтерге көшу қажытып жіберді“. Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы сыр бергенін айтты

Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға түсіп қалды, — деп хабарлайды   Altyn-orda.kz   Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып .

Бұл жайлы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 2024 жыл ол үшін өте ауыр жыл болғанын айтты.

«Түн жарымда ауруханаға әрең жеттім. Сот процесі әбден есеңгіретіп жіберді. 2024 жыл басымнан талай сынақ өтті. Білдіртпеуге, жылап-сықтамауға тырыстым. ҚР азаматшасы ретінде заңға, әділдікке көзсіз сендім. Сол сеніммен барлық инстанциядан рет-ретімен өтіп келемін. Бұл жағдай отбасыма ауыр тиді. Балаларымның берекесі қашты. Соңғы төрт жылда пәтерден пәтерге көшу қажытып жіберді. Алданатынымды кім білген?! 2022 жылдың жазында үйлі боламын деп жүріп, алаяқтыққа тап болдым», — дейді актриса.

Өнер иесі пәтерін заң бойынша әлі қайтара алмай жүргенін айтты.

«Былтыр көп жайттар анықтала бастады. Шикілікті сезген сәттен құзырлы органдардан араша сұрадым. Үйімді қайтаруды мақсат етіп, сотқа жүгіндім. Осы тұстан бастап түрлі қиындықтар шырмауықтай шырмады. Мемлекеттік құқық қорғау органдары арызымды қарап, іс сотқа жеткенше, Дилярамен сан рет кездестік. Кездесу барысында ұяты оянып, үйімді қайтарып береді деп үміттендім. Бірақ олай болмады. Қайта жолдасы екеуі сотта жеңіліс табатынымды ескертіп, қысым көрсетті», — дейді ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова балалардың жанына әпкесін шақырып, өзі ауруханаға жатқанын айтты.

«Осындай кездесулердің бірінен кейін денсаулығым сыр беріп, түн ортасында ауруханадан бірақ шықтым. Дәрігерлер жатып ем алуым керектігін айтты. Үйдегі балаларымды қараусыз тастай алмаймын деп, бір апта күндізгі стационарда емделдім. Жағдайым түзелмеді. Жүріп-тұруымның өзі қиындай түсті. Болмаған соң, Алматыдан әпкемді шақыртып, ауруханаға жаттым. Түсірілімдер мен жобаларым толық тоқтады. Жұмыс жүрмеген соң, қаражат жағы, күн көріс қамы қиындай түсті. Сөйтсем, бұл қиындықтың басы ғана екен… Дәл қазір осының бәрін есіме түсіріп, жазып отырғанымның өзі өте ауыр. Әрі қарай келесі жолы жазайын», — деп ойландырып қойды актриса.