Павлодарда қандастарды балағаттаған тұрғын 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін(ВИДЕО)
27 жастағы Павлодар тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әлеуметтік желіде тараған қандастарға қатысты балағат сөздер жазылған видео араздық тудыру ісі бойынша тексеріліп жатыр, деп хабарлайды altyn-orda.kz
Бойжеткен Instagram әлеуметтік желісінде қандастарды балағаттап,« елден қуу керектігін айтып видео жариялады.
Павлодарда осы жавғдайға қатысты ҚР ҚК 174 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін бұл азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралып, тәртіп бұзушыға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, — деп жазды Павлодар облысы бойынша ІІД басшысы Василий Скляр Facebook желісінде.
Бойжеткен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні видеоға түсіріп, желіге салған.