«Пештен кенеттен жалын шықты»: Қарағанды ферроқорытпа зауытының 8 жұмысшысы жарақат алды

Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы кәсіпорынға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұл ақпарат кәсіпорынның Instagram-дағы парақшасында жарияланды. «20 шілде таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. № 1 пештен кенеттен жалын шығып, салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмыскерлердің барлығы ауруханаға жеткізілді, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Компания зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста», — делінген YDD Corporation ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі өкілдері тратқан хабарламада.
