Пинтадағы жанжал: мейрамханада қазақ тіліндегі мәзір мен әндер пайда болды

Пинта мейрамханалар желісінде қазақ тіліне қатысты шу шыққаннан кейін мейрамхананың Instagram парақшасында қазақ тіліндегі мәзір пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мейрамхана өкілдерінің айтуынша, әр жұма және сенбі күндері барлық мейрамханада музыкалық ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, қаланың үздік музыканттары мен dj-лері өнер көрсетеді. Сондай-ақ қазақ тіліндегі танымал әуендерді де орындайды екен.